FAQ

Бұл жерде жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыздар

  • Вопрос:
    Тестке қалай дайындалу керек, сіздерде тиімді дайындық әдісі бар ма?

    Ответ:
    Ия, бізде тестке дайындалудың авторлық әдістемесі бар, 2016 жылдан бастап осы әдістеменін көмегімен оқушыларымыз ең жоғарғы көрсеткіштермен тестті тапсырып келеді және әдістеме авторы Республика бойынша рекорд иесі болып табылады, ол 145 сұрақтан 144 балл жинаған. Әдістемемен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.

  • Вопрос:
    Тесттен өтуге қандай кепілдеме бересіз?
    Ответ:
    Егер де сіз, біздің тесттерде тұрақты түрде 85%-дан жоғары көрсеткіштерді алсаңыз, негізгі тесттен өтуге 100% кепілдік береміз.

  • Вопрос:
    Сіздердің сұрақтарыңыз негізгі тестпен қаншалықты ұқсас?
    Ответ:
    Біздің сұрақтар негізгі тесттегі сұрақтармен 90% мағынасы жағынан ұқсас, яғни сұрақтар сөзбе-сөз емес мағынасы жағынан ұқсас болып келеді.
  • Вопрос:
    Тест пен видео сабақтарды қалай сатып аламыз, мен банк картасымен төлем жасай алмай отырмын?
    Ответ:
    Мына сілтеме арқылы өтіп төлемді қалай жасау керектігін көре аласыз.
  • Вопрос :
    Демалыс күндері жұмыс жасайсыздар ма?
    Ответ:
    Ия, біздің сайт 24/7 жұмыс жасайды.
  • Вопрос:
    Мен өз бағдарламамды білмеймін, нақты бағдарламаны қалай анықтай аламыз?
    Ответ:
    Бағдарламаңызды нақты білмесеңіз, мына видео нұсқаулықты көріп өз бағдарламағызды анықтасаңыз болады
  • Вопрос:
    Тестті тапсыра алмасам, қанша уақыттан соң және қанша рет қайта тапсыра аламын?
    Ответ:
    Тестті сәтсіз тапсырған жағдайда 15 күнтізбелік күн өткен соң қайта тапсыра аласыз, қайта тапсыру санына шектеу жоқ
  • Вопрос:
    Тестті сәтті өткені туралы сертикат қанша уақытқа жарамды?
    Ответ:
    Тестті сәтті өткені туралы сертикат, тапсырған күннен бастап 1 жылға Республиканың барлық аумағында жарамды.
  • Вопрос:
    Заңдар жиі өзгереді, сіздердің сұрақтарыңыз қаншалықты жаңарады, өз сұрақтараңызды қаншалықты жиі ауыстырасыздар?
    Ответ:
    Ия, заңдарға жиі өзгерістер мен толықтырулар еңгізіліп жатады, соған байланысты бізде өзіміздің сұрақтар базасын жағартып отырамыз.
  • Вопрос:
    Тестке қалай тіркелеміз және тестілеу залдарының мекен-жайларын қай жерден көрсек болады?
    Ответ:
    Тестке тіркелуді 2 жолмен жасауға болады, электронды Үкімет сайты арқылы (EGOV) және "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы, тіркелу бойынша толық нұсқаулықты мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
  • Вопрос:
    Мен тестті тапсырып сәтті өттім, енді бос орындарды қайдан көрсе болады?
    Ответ:
    Төмендегі сілтемелер арқылы өтіп қазіргі уақытта қандай лауазымдарға конкурс жарияланғанын көре аласыз:
    1. Әкімшілік қызмет
    2. Құқық қорғау қызметі
Made on
Tilda